«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы

Виртуалды зертханасы «Адам және жануарлар физиологиясы»

Зертхана студенттердің «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнін тиімді оқытуға арналған. Студенттер «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінің барлық бөлімдері бойынша ақпарат алады. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студент алынған эксперименталды зерттеулер негізінде қорытынды жасайды. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер физиологиялық және зертханалық әдістерді меңгереді, ал және өзінің теориялық білімдерін бекітеді, сондай-ақ жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру, зерделенген оқу материалын жүйелейді.

«Зоология» оқу зертханасы

«Зоология» оқу зертханасы аудиториялық, зертханалық және семинарлық сабақтарды өткізуге қызмет етеді. Сонымен қатар практикалық сабақтарды өткізу кезінде, курстық жұмыстарда және өзіндік жұмыстарда алынған ақпараттар мен материалдарды өңдеуде және т.б. қолданылады.
Зертханалық кабинет оқу және ғылыми жинақтарды сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған. Сабақ заманауи зертханалық құрал-жабдықтар, жинақ материалдары, экспозициялар, фотоматериалдар, плакаттар және сұлбалар көмегімен өткізіледі.

«Ботаника» оқу зертханасы

Ботаникаға арналған лабораторияда студенттер үшін бағдарламаға  сәйкес практикум бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Студенттер дәрістен алған білімдерін әрі қарай толықтыру үшін зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.Олар өсімдіктердің мүшелерінің құрылысын, сыртқы ортамен байланысын, көбею жолдарын, тыныс алу (фотосинтез) процесстерін анықтайды және қортындылап, білімдерін толықтырады .

«Цитология және гистология» оқу зертханасы

Цитология және гистология пәнінен лабораториялық жұмыстар барлық тірі ағзалардың клеткалық және ұлпалық  деігейін зерттеуге арналады. Олардың микроскопиялық құрылымы мен атқаратын қызметін оқып үйренеді. Лабораториялық жағдайда өсімдік және жануарлар клеткасы мен ұлпасынан уақытша және тұрақты препараттар жасап үйрене отырып, микроскоп, бинокуляр және тринокулярды қолдана отырып студенттер клетканың органоидтары мен олардың бөліну жодары митоз және мейоз процесінің механизмдерін оқып меңгеруге негіздейді. Лаборатория жарық микроскоптары мен дайын тұрақты препараттармен қамтамасыз етілген.

Leave a Reply