12.04.2023 күні салынды постқа. (Инста, Фейсбук)
Yessenov University Білім беру факультеті Педагогика кафедрасының докторанттары, магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен “Қазіргі Қазақстан мектебі жағдайында білім беру” атты мастер-класс өткізілді.
Ақтау қаласы “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының тренері Нурова Рыскүл Жұмажанқызы мастер- класс барысында STEM білім берудің ерекшелігін, қолданылуын түсіндіріп өтті.
STEM – білім беру арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, ойлауға, таңдауға үйрету, мәселені шешу жолдарын табу, шығармашылығын арттыру, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету болып табылады.
5 Е әдісін қолдануда эпизодтар жинағы, контент, шешім қабылдау компоненттерден тұратын технологияны түсіндіріп, магистранттарды топқа бөліп, тапсырма беріліп білім алушылармен кері байланыс орнатты.
Семинар қызықты әрі мазмұнды болды.