XIV Республикалық пәндік олимпиада

Ағымдағы жылдың 21-22 сәуірінде Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында «6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» (Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі) бағыты бойынша студенттердің XIV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиада студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға, дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Оған республиканың барлық педагогикалық жоғары оқу орындарынан 25 команда қатысты.

Yessenov University атынан «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасынңы 3 курс студенттерінен құралған команда қатысты.
«Болашақ» командасының жетекшісі: Көкшеева Зайни Таласовна
Команда мүшелері:Төлегенова Асылай,Қуаналы Нұрай,Ағдал Жансая,Қоблан Гүлназ

Қатысушылар сынақтың төрт кезеңінен өтті:
– «Кәсіби құндылықтар» шығармашылық сайысы командалардың өздерін таныстыруы;
– «Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық идеялар» зерттеушілік жоба қорғау сайысы (әр топ өз жобасын әзірлеп, қорғады);
– «Кәсіби білім сапасы» теориялық сайысы (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бойынша тест тапсырмалары);
– «Педагогикалық дизайн» практикалық сайысы (Үй тапсырмасы. Сабақтың қысқа мерзімді жоспары және бейне үзіндісі).

Қос команда университетімізді жақсы таныстырды, барлық конкурстық сынақтардан өтті, қойылымдар мәнді және есте қаларлық болды. Командалардың таныстырылымында бастауыш сынып мұғалімінің құндылықтары, қазақстандық білім беру жүйесі айқын көрсетілді. Жобалар мен бейнесабақтар тұтастығымен және дайындығымен ерекшеленді.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Болашақ» командасы 3 орынды иеленді.

Қазылар алқасы ұжым ұсынған жобасының практикалық бағытын және оның бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына білім берудегі тиімділігінжүзеге асырылуын ерекше атап өтті.

Ұжым мүшелеріне жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық шабыт тілейміз.

Leave a Reply