«Jas órken» студенттік театр

«Jas órken» студенттік театр

«Jas órken» студенттік театр үйірмесінің мақсаты әртістік өнердің қыр-сырын зерттеп, сахнаға театрлық қойылымдарды қою ғана емес,
— студенттердің көркемдік және халықтық шығармашылығын жан-жақты дамуын қадағалау;
-жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
— актерлік шеберлігін қалыптастыру болып табылады.
Үйірме сабақтарын драма театр және кино артисі, «Өнертану» ғылымдарының магистрі Оңғарбаева   Жадыра Нұрғайынқызы жүргізеді.
Шығармашылық бағытта «Жас өркен» студенттік театрының жетістіктерін ерекше айтып өтуге болады. Аталған театр мүшелері белгілі қазақ және шетел драматургтарының қойылымдарын сахналайды. «Жас өркен» студенттік театрында өнерлі студенттер актерлік қырларымен танылып, барша көрермендерге әр түрлі тақырыпта сахналық көрініс қойып, өнерсүйер қауымға кеңінен таныс болды. Үйірме мүшелері бос уақыттарын тиімді пайдаланып, көптеген мәдени шараларға белсене қатысып отырады.

Leave a Reply