«Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені

14 қазақ 2019. Yessenov University «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ноғайлы-қазақ жыр-дастандарын ауызша жырлап жеткізген эпик-жыршы Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Тлепов Жұмат Жұмалыұлы, Қарашай-Черкес гуманитарлық зерттеулер институты ноғай бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Суюнова Насипхан Хусиновна, Татарстан Республикасының ғылым академиясы Г. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының доценті, ф.ғ.д. Мұхаметзянова Лилия Хатиповна, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті «Башқұрт әдебиеті және мәдениеті» кафедрасының доценті Баязитова Розалия Рафкатовна, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Сәкен Сейілбек Икрамбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Қорғанбек Болат Сағынбекұлы, университет профессорлық оқытушы құрамы, қоғам қайраткерлері, тарихшылар қатысты.

Конференция барысында Ноғайлының батырлық, ерлік жыр-дастандарын ауызша жырлаумен кейінгі ұрпаққа жеткізген, сол арқылы жырдың бір түркі емес, бүтін адамзаттың рухани асыл мұрасына айналуына жол ашқан ұлық жыршы – Мұрын жырау Сеңгірбекұлын және осы жырау атымен ұлықталған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің түркі мәдениеті тарихында алатын орнына ғылыми талдау жасау жасалынып, «Қырымның қырық батыры» жырлар цикліне кіретін «Едіге», «Ер Шора», «Ер Көкше» т.б. жырларының қазақ, ноғай, башқұрт, татар халықтарындағы нұсқалалары салыстырыла талданды.

Конференция қорытындысы бойынша университетте Рухани мұраларымызды зерттейтін ғылыми орталық ашу, Мұрын жырау шығармашылығы мен өмір деректеріне арналған энциклопедиялық жинақ құрастыру, М. Сеңгірбекұлы атындағы зертхана ашу қолға алынатын болады.

Leave a Reply