«Маңғыстау жерасты мешіттерінің қазақ мәдениеті тарихындағы орны» атты студенттік ғылыми-зерттеу жобасы

«Маңғыстау жерасты мешіттерінің қазақ мәдениеті тарихындағы орны»

Ғылыми жоба авторы: Асамадинов Нұржан Елубайұлы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті
Ғылыми жетекші:  «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова
Мифтер мен аңыздардың қастерлі отаны ретінде тарихқа енген Маңғыстау өлкесі еліміздегі ескерткіштер мен әулиелі орындардың аса ауқымды бөлігі шоғырланған бірегей мәдени ландшафынан саналады.
Сакралдылықтың тек қоғамда символикалық белгілер түрінде ғана көрініс беріп, ұжымдық бейсаналылықта  және халықтың тарихи бірыңғайлығы негіздерінде, өзін-өзі бағалауында, сонымен қатар ұлттық өршіл рухында (мақтанышында)  сақталатын, және сөзсіз жоғары деңгейде олардың алдағы дамуына ықпал ететін  рухани өмірдің феномені екендігі белгілі.
Маңғыстау мешіт-медреселері жай сауат ашу ошақтары ғана емес, өз заманында ұлттың ұйысуына, тіліміздің, діліміздің, тарихи жадымыздың сақталып қалуына ықпалын тигізген үлкен рухани мектеп болды.
Зерттеудің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятымызды, мемлекеттік идеологиямызды қалыптастыруға негіз болған тарихи-мәдени жәдігерлерімізді насихаттау, түрлі саладағы зерттеушілердің еңбегіне сүйене отырып, Маңғыстау жерасты мешіттерінің қазақ халқының мәдениеті мен тарихындағы орнына талдау жасау.

Leave a Reply