Профессорско-преподавательский состав

Абдуллаева Перизат Тураровна

87475569582

perizat.abdullayeva@yu.edu.kz

Абдуллаева Перизат Тураровна 1982 жылы 20 маусым күні, Оңтүстік Қазақстан облысында, Шардара ауданында  дүниеге келген.

2000-2004 жылдар аралығында Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің «Тарих» мамандығын үздік аяқтады.

2004-2006 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурада білім алды.

2015 жылы Абдуллаева Перизат «6D010300-Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасына түсіп, 2018 жылдың маусым айында бітірді. 2017 жылы Эрзинджан мемлекеттік университетінде (Түркия) ғылыми тәжірибеден өтті.

Абдуллаева Перизат Тураровна докторантурада білім алу кезеңінде ҚР БҒМ-нің «Жастар арасындағы суицид мәселелерінің алдын алу және ғылыми-теориялық негіздері»,» Қазақстандағы жастардың суицидалды мінез-құлқының алдын алуға арналған арт-педагогика және арт-терапия: ғылыми негіздер мен практикалық технологияларды әзірлеу»,»Дәстүрлі ұлттық тәрбие (ұлттық код) және қазақ фольклоры мен әдебиетінің негізіндегі рухани жаңарту» атты ғылыми жобаларына қатысты.

Абдуллаева Перизат Тураровна еңбек жолын магистратурада оқу кезеңінде бастады. 2006-2007 жылдар аралығында Алматы қаласы №144 мектеп-гимназиясында педагог-психолог қызметі бойынша жұмыс істеді.  2007 жылдың 1 қыркүйегінде аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушы ассистенті, 2008 жылдан жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушысы, ал 2010 жылдан жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда  (2015 жылдан педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы).

Абдуллаева Перизат Тураровна аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының СҒЗЖ жауапты «5В010300-Педагогика және психология» мамандығы бойынша аккредиттеу агенттігі үшін құжаттарды ресімдеуге қатысты, «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді және 6M010300- Педагогика және білім беру бағдарламасының координаторы.

Абдуллаева Перизат Тураровнаның 50-ге жуық ғылыми еңбектері жарық көрген, соның ішінде 3 әдістемелік құрал және ғылыми мақалалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *