«Педагогика» факультетінің тарихы

Yessenov University-нің Білім беру мектебі университет ректорының Факультеттердің ұйымдық құрылымының өзгерілуі туралы 10.06.2020 жылғы  № 08-33/36 бұйрығына сәйкес құрылды. Бұйрыққа негіз болған – «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» шаруашылық құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылуы себепті университеттің Ғылыми кеңес отырысының шешімі.

Білім беру мектебінің құрамына 7 білім беру бағдарламасы кіреді, оның

ішінде бакалавриат бойынша:

  • 6В01601-Тарих
  • 6В01101-Педагогика және психология
  • 6В01301-Бастауыш мектептің педагогикасы мен әдістемесі
  • 6В01401-Дене шынықтыру және спорт

магистратура бойынша:

  • 7М01300-Педагогика және психология
  • 7М01301-бастапқы білім берудің педагогикасы мен әдістемесі

докторантура бойынша:

  • 8D01101-Педагогика және психология