Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 Наурыз -Халықаралық әйелдер күні ерекше бір шаттықпен тойланады. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, отанның мерейі.
Осыған орай 7-наурыз күні “Білім беру” факультетінің кураторлары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Армысың Ару, Нұр-Көктем!» атты мерекелік шара өтті.
Таңертеңнен бастап нәзік жандыларды факультетіміздің студенттері мерекелерімен құттықтап, оларға гүл шоқтарын табыс етті. Біздің факультетте қызмет жасайтындардың басым бөлігі – нәзік жандылар. Олар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби бағдарлау ісіне өз үлестерін қосуда.
Мерекелік іс-шараға факультетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы толық қатысты. “Білім беру” факультетінің деканы Р.Ө. Озгамбаева нәзік жандыларды 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап,еліміздің қалыптасуы мен дамуына, қоғам мен отбасы өмірінде әйелдердің баға жетпес рөліне тоқтала келіп, оларға денсаулық, сүйіспеншілік, бақ-береке және табыс тіледі.
“Білім беру“ факультетінің студенттері бүгінгі мереке иелерін құттықтап, оларға арналған концерттік бағдарламаларын ұсынды.