«Қазіргі Қазақстан мектебі жағдайында білім беру» атты мастер-класс

12.04.2023 күні салынды постқа. (Инста, Фейсбук)

Yessenov University Білім беру факультеті Педагогика кафедрасының докторанттары, магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен «Қазіргі Қазақстан мектебі жағдайында білім беру» атты мастер-класс өткізілді.

Ақтау қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының тренері Нурова Рыскүл Жұмажанқызы мастер- класс барысында STEM білім берудің ерекшелігін, қолданылуын түсіндіріп өтті.

STEM — білім беру арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, ойлауға, таңдауға үйрету, мәселені шешу жолдарын табу, шығармашылығын арттыру, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету болып табылады.

5 Е әдісін қолдануда эпизодтар жинағы, контент, шешім қабылдау компоненттерден тұратын технологияны түсіндіріп, магистранттарды топқа бөліп, тапсырма беріліп білім алушылармен кері байланыс орнатты.

Семинар қызықты әрі мазмұнды болды.

Leave a Reply