Факультет оқытушылары А.Б.Шарипова мен М.М.Бегимова 2023 жылдың 17 сәуір мен 06 мамыр аралығында USAID және Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен «Тауан» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен «Еліктір.Зертте. Оқыт!: Жаңа білім беру ортасында медиасауатты қалыптастыру принциптері» атты жоғары оқу орны оқытушыларына арналған әдістемелік тренингтен өтті. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы ЖОО-дары оқытушыларына әдістемелік тренингтің қорытындылау кезеңі Атырау қаласында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында өткізілді.
Оқытушыларға медиа сауаттылықты оқытудың және оны басқа ЖОО пәндеріне енгізудің заманауи әдістемелерімен «Медиа Джунгли» медиа білім беру ойынының авторы, медиа білім беру магистрі, квиздер авторы, медиатренер Т.А.Голубцова және журналистика магистрі, бұқаралық ақпарат құралдарының өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің мүшесі О.Қыдырбаев таныстырды.
Әдістемелік тренинг цифрлық дәуірдің жаңа сауаттылығына және ЖОО оқу бағдарламасына медиа сауаттылықты енгізуге арналған. Студенттердің назарын адам мен қоғам өмірінде интернетті қолданудың этикалық аспектілеріне аударатын медиа сауаттылықтың оқу бағдарламаларын құруға ерекше назар аударылды.
Тренингті қорытындылау күндерінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи — мәдени музей – қорығына экскурсия жүргізілді.