Book and Talk
26.02 күні Білім беру мектебінің ұйымдастыруымен, тәлімгер Танашбаева М.А бастауымен Yessenov University кітапханасында «Book and Talk» атты кітап үйірмесінің ашылуы өтті.
“Bookdating” атты шараның аясында өткен дөңгелек үстелде Білім беру мектебі және “Ғылым және технология” факультетінің білімгерлері ат салысып,өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп берді. “Әлеуметтік қолдау және жастарды дамыту” басқармасының тәлімгер-мамандары студенттерге өз кеңестерін айтып, жақсы отырыстың куәсі болды.
Студент жастарды кітап оқуға шақырамыз!