Керимов Бауыржан Кдырисламович
Қызметі: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы
Ғылыми атағы: Заң ғылымдарының магистрі
Сабақ беретін пәндері: «Қоғамға қызмет»
Ғылыми қызығушылы: Мәдениетаралық коммуникациялар, этносаясаттану
Ғылыми жұмыстары: Студент жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бірнеше ғылыми және имидждік мақалалардың авторы.
Жетістіктері мен марапаттары:
— 2019 ж. Алыс қашықтықтан өткізілген Республикалық “Педагогикалық шеберлік” олимпиадасында І дәрежелі «Диплом» иеленген;
— 2020 ж. “Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің дамуы мен келешегі” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін ІІ дәрежелі «Диплом» иеленген;
— 2023 ж. Аудандық “Жұлдызды сәт” интеллектуалдық марафонының ІІІ дәрежелі «Диплом» иегері;
— 2013 ж. Халықаралық “Болашақ” бағдарламасымен Болгариядағы Әулие Климент Охридский атындағы София Университетінде «Саясаттану: Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен;
— 2018 ж. қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталған;
— 2019 ж. бастап Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының тұрақты мүшесі болып табылады;
— 2021 ж. Ш.Есенов атындағы “Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің” 45-жылдығына арналған төс белгімен марапатталған;
— 2022 ж. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша IELTS халықаралық сертификатының иегері, В2, 5,5 балл.
Ғылыми мақалалары:
1. «ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы, №4, желтоқсан 2019 жыл
2. «СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ», Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы, №4, желтоқсан 2020 жыл
3. «АЗАМАТТЫҚ СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ИЕРАРХИЯСЫ МЕН ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ», Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы, №2, маусым 2021 жыл
4. «Студент жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру»
«Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: болашақ тәжірибесі мен алдағы міндеттері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Тараз қаласы, 14-15 қазан 2021 жыл
5. «Каспий маңы мемлекеттерінің білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастығы»
«Білім бағы» Республикалық ғылыми-педагогикалық журналы, №1/17, қаңтар 2022