ЖАУЛИН Киікбай Мыңбайұлы
ЖАУЛИН Киікбай Мыңбайұлы – Гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Саяси ғылымдар докторы (2009), профессор (2011), Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі (2019).
14.04.1965 ж. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Гурьев пединститутын (1990) және Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген (2003). ЖОО-дан кейінгі білімі: Қазақстан ҰҒА Тарих, археология және этнология институты аспирантурасы (1994-1997); Абай атындағы ҚазҰПУ докторантурасы (2006-2009).
Х.Досмухамедов атындағы Атырау МУ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1990-2003); К.Жұбанов атындағы Ақтөбе МУ-де проректоры, басқарма бастығы (2003-2005); Атырау МГИ проректоры (2005-2006); Атырау обл. ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (2007-2008); Атырау қаласы әкімінің орынбасары (2009-2010); Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы (10.12.2010); Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ ректоры (2011-2012); АМГИ ҒЗО директоры (2012), АИГИ проректоры (2013-2018), Маңғыстау обл. КБО төрағасы (06.08.2018 — 12.12.2019). Қазіргі кезде Ш.Есенов атындағы КТИУ ГҒЗИ директоры, «Қазақстан тарихы кафедрасының» меңгерушісі.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық» (1997);
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Саяси тұрғыдан жаңару – Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының шарты ретінде: политологиялық талдау» (2009).
Ғылыми ізденіс саласы: Қазақстанның жаңа кезеңіндегі саясаты, тарих, заңгерлік.
Марапаттары: ҚР Білім беру ісінің кұрметті қызметкері (2005). «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2015), «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен (2018); «ҚР Ұлттық инженерлік академиясының дамуына қосқан үлесі үшін» (2016), «ҚР Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» (2019) және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. «Ұлт қайраткері» атағының иегері (2020).
Негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстандық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуді жетілдіру процестері. Монография. 2002.; Қазақстан Республикасында саяси жетілдіруді қамтамасыз ету. Монография. 2004; Саяси жетілдіру және қоғамның тұрақты дамуы. Монография. 2006; Қазақстан Республикасында саяси жетілдірудің теоретикалық-практикалық аспектілері. Монография. 2008.