Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің болашағы
1.03.21 күні Білім беру мектебі ұйымдастырған, Рухани жаңғыру аясында “Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің болашағы” атты ақпараттық сағат өтті.
Білім беру мектебінің вице деканы Каюпова Ф.М бастамасымен ,оқытушы Қаражанова Майра жүргізді.
Аға-оқытушы Бекжанов А.Н Қазақ әліпбиі латын әліпбиіне көшіуі жайында ақпарлама берді. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.
“Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі” тақырыбындағы ғылыми жоба өз жұмысын бастады. Жоба жетекшісі ф.ғ.д., проф. Б. Нұрдаулетова, белгілі ғалым т.ғ.д., проф. Ж.Артықбаев, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің докторанты С.Моллақанағатұлы, жергілікті өлкетанушы Н.Құлбаев, Ш.Есенов ат. КМТУ доценті Ш.Сапарбайқызы т.б.жинақталған жұмыс тобы алғашқы экспедициялық зерттеулерін 10-13 қараша аралығында аймақтың ескі киелі орындары Ақшора- Белторан -Қарағашты әулие-Үштам-Сұлтан үпі, Шақпақ атадан бастады.