Yessenov University-нің Білім беру мектебі университет ректорының Факультеттердің ұйымдық құрылымының өзгерілуі туралы 10.06.2020 жылғы № 08-33/36 бұйрығына сәйкес құрылды. Бұйрыққа негіз болған – «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» шаруашылық құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылуы себепті университеттің Ғылыми кеңес отырысының шешімі.