«Төрлет, әз-Наурыз» атты университеттік апталық

  «Білім беру» факультеті «педагогика» кафедрасы кураторларының ұйымдастыруымен 14-16 наурыз аралығында «Төрлет, әз-Наурыз» атты университеттік апталық өтті.

14 наурыз күні сағат 10:00 де апталықтың ашылу салтанатымен қатар «Ұлттық тақырыптағы викторина» университет студенттер арасында салт-дәстүр туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушылар марапатталды.

15 наурыз күні студенттер арасында «Бұрымды ару», «Қазағымның дәстүрлері-ай» конкурстарының суреттері мен бейнежазбаларын өз кафедра парақшасында арнаулы хештегтер арқылы жариялады.

16 наурыз күні сағат 14:00 де Атриудма бірінші курс студенттері арасында университеттік «Көктем аруы-23» байқауы атап өтілді, байқау соңында жеңімпаздар 1-2-3 орындармен анықталып, ақшалай сыйлықтармен, қалған қатысушылар номинацилар бойынша марапатталды.

Сонымен қатар «Бұрымда ару» және «Қазағымның дәстүрлері-ай» конкурс қатысушылары арасынан 1-2-3 орын анықталып, 1-орын жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, 2-3 орындар дипломмен марапатталды.

Апталықтың қорытындысы жасалды.

Leave a Reply