Педагогикалық мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Педагогикалық мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел

15 қаңтар күні Yessenov University бастамасымен Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен педагогикалық мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде кафедра меңгерушілері білім беру бағдарламаларының мақсаты мен миссиясы, өзіндік ерекшелігі туралы баяндады.
Білім беру мекемелерінің басшылары білім беру бағдарламалары, оларға нақты қосылатын пәндер туралы өздерінің ұсыныстарын айтты.
Дөңгелек үстел қорытындысында Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және сондай-ақ жаңа форматтағы педагог кадрларды даярлау мақсатында уағдаластыққа қол жеткізілді.

Leave a Reply